1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

OLIMPKZ букмекерлік кеңсесінен 3,6 миллиард теңге тәркіленді 17 ақпан 2021, 10:46

Сот OLIMPKZ букмекерлік кеңсесінің мүлкін тәркілеу туралы шешім жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының прокуратурасына
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сот OLIMPKZ букмекерлік кеңсесінің мүлкін тәркілеу туралы шешім жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

"Алмалы аудандық соты 2021 жылы 16 ақпанда Алматы қаласы прокурорының халықаралық іздестіруге жариялаған букмекерлік қызмет түрімен заңсыз ойын бизнесі, ақша қаражатын шығару және бюджетке салық төлеуден жалтару жөніндегі қылмыстық схеманы ұйымдастырған "OLIMPKZ" Букмекерлік кеңсесі" ЖШС басшыларына қатысты үкім шығарылғанға дейін мүлікті тәркілеу туралы өтінішхатын қанағаттандырды.

Сот актісімен 3,6 миллиард теңге, 4 әуе кемесі және 3 автокөлік мемлекет кірісіне айналдырылды", - делінген хабарламада.

Сотта ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары бұл мүлікті қылмыстық жолмен алғаны дәлелденді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!