28 қаңтар 2022 17:59

Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшылар Бейжіңге жетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:olympic.kz Фото:olympic.kz

Бүгін, 28 қаңтарда қазақстандық спортшылар 2022 жылғы Қысқы ойындарға қатысу үшін Бейжіңге жетті. Атлеттер қажетті тексеруден өтіп, ПТР сынағын тапсырып, олимпиадалық ауылға беттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Бүгін, 28 қаңтарда қазақстандық спортшылар 2022 жылғы Қысқы ойындарға қатысу үшін Бейжіңге жетті. Атлеттер қажетті тексеруден өтіп, ПТР сынағын тапсырып, олимпиадалық ауылға беттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Қазақстанның олимпиадалық командасы арнайы чартерлік рейспен кеше Бейжіңді бетке алған болатын. 

Алғашқы рейспен конькимен жүгіру, фристайл-могул, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғымен тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысынан ұлттық құрамалар ұшып кеткен. 

Бейжің әуежайында келгендерді вирусқа қарсы қорғаныс костюмдерімен қарсы алады. Коронавирус кезіндегі алғашқы Олимпиада өткен Токио 2020-дан айырмашылығы, мұнда барлығы тез және нақты ұйымдастырылған.

Барлық делегаттар алдын ала көп құжаттар жинауға мәжбүр болды. Оған бірнеше ПТР сынақтары, антиденелер сынағы және бірқатар толтырылған өтінімдер мен декларациялар кіреді.

Әуежайға келгеннен кейін аккредиттеу белгісін немесе төлқұжатыңызды сканерлеу арқылы арнайы QR кодын алуыңыз қажет. Содан кейін соны тексеру арқылы барлық ақпарат оқылады.

Сондай-ақ, әуежайда ПТР тесті міндетті. Бірақ оның нәтижесін қонақүйде күту керек.

Ұшақ қонғаннан бастап жүкті алуға дейінгі уақыт орта есеппен бір сағатқа созылды.

Ресми медиа-қонақ үйлер қоршаулармен қоршалған. Тек журналистерді спорт нысандарына жеткізетін көліктер аумаққа кіріп-шыға алады.

Автобустар қатаң түрде кесте бойынша жүреді, қалған уақытта кіреберістегі қақпалар құлыптаулы және күзет пен камералар қойылған.

Олимпиадаға келгендер карантиннен өткеннен кейін де жергілікті тұрғындармен қандай да бір байланыста болуына болмайды. Жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне баруға да тыйым салынады. Күнделікті ПТР-тест тапсыру міндетті.

Айта кету керек, пандемия кезінде Қытай коронавирусқа қарсы күрестің ең қатаң шараларын қолданады. Бірақ сонымен қатар ең тиімділердің бірі саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети