05 шілде 2021 13:39

Оливер Стоун мен Назарбаевтың кездесуі қалай ұйымдастырылды? Үкібай жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Оливер Стоун сұхбат барысында. Фото: Елбасы баспасөз қызметінен Нұрсұлтан Назарбаев пен Оливер Стоун сұхбат барысында. Фото: Елбасы баспасөз қызметінен

Қазақстан Тұңғыш Президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай америкалық режиссер Оливер Стоун мен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі қалай ұйымдастырылғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Тұңғыш Президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай америкалық режиссер Оливер Стоун мен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі қалай ұйымдастырылғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айдос Үкібайдың айтуынша, "Qazaq. История Золотого человека" фильмін түсіру америкалық тараптың бастамасы болған.

"Оливер Стоун үш "Оскардың" - киноиндустрия саласындағы ең беделді марапаттардың иегері ғана емес, сонымен қатар саясаткерлер туралы фильм түсірумен танымал. 2017 жылы Ресей президенті Владимир Путин туралы фильм жарық көрді. Ол үлкен резонанс тудырды, сондықтан Стоунның командасы Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбат ұйымдастыруға көмек сұраған кезде қуана келістік", - деді Елбасының баспасөз хатшысы.

Айдос Үкібай түсірілім процесі қалай ұйымдастырылды деген сұраққа да жауап берді.

"Бұл өте қызық ынтымақтастық болды. Америкалық тараптан ұсыныс 2019 жылдың соңында келіп түсті. Түсірілім 2020 жылы өтті және жаһандық пандемия оны ұйымдастыруға кедергі болды. Бәріміз бірегей тәжірибе жинадық деп ойлаймын.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Оливер Стоунның түсірілім тобына үш кездесуі ұйымдастырылды. Түсірілімнің әрқайсысы төрт сағаттан аса уақытқа созылды".

"Қаладан тыс жерде бір сұхбат ұйымдастырдық. Елбасымен сұхбаттан басқа, америкалық түсірілім тобы еліміздің рухы мен оның тұрғындарының өмірін сезіну үшін Қазақстанның бірнеше өңіріне жеке барып қайтты. Мен топ өкілдерімен сөйлестім, олардың бәрі үлкен әсер алған. Олар Қазақстанды басқа қырынан таныды. Оларды таңғалдыра алдық".

Сондай-ақ, Назарбаевтың баспасөз хатшысы америкалық топ мереке күндері республикалық телеарналардың эфирінде қазақстандық көрерменге екі сағаттық фильмді көрсетуді ұсынғанын айтты.

"Хабар", "КТК" және "Еуразия" телеарналары Оливер Стоунның фильмін көрсетуге келісті. Бірақ фильмнің негізгі аудиториясы - шетелдік көрермен. Америкалықтар  Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмді бірқатар беделді кинофестиваль аясында жариялауды жоспарлап отыр", - деп қорытындылады Айдос Үкібай.

Айта кетейік, бұған дейін Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаев туралы жобаның трейлерін ұсынғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети