18 шілде 2016 21:52

Олжас Құдайбергенов Алматыда терактіден қаза болған полицейлердің отбасына көмек көрсету үшін қаражат жинайтынын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов Алматыда теракт кезінде қайтыс болған полицейлердің отбасыларына көмек көрсету үшін қаражат жинайтынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов Алматыда теракт кезінде қайтыс болған полицейлердің отбасыларына көмек көрсету үшін қаражат жинайтынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл адамдар қызмет бабында жүріп қаза тапты, олардың әрқайсысының артында балалары қалды. Мен оларға мемлекеттің қалай көмек көрсететін білмеймін, басқа да бастамалардың бар-жоғын да білмеймін, бірақ мен қайтыс болғандардың отбасына көмек көрсету үшін қаражат жинау бастамасын жариялаймын. Біреулер бір реттік көмек көрсетуі мүмкін, ал біреулер белгілі бір уақыт бойы көрсетер. Әрине менде ұйымдастыру жұмысымен шектеліп қалмаймын. Көмек көрсеткісі келетіндердің маған жекеге жазуына болады, ал ертең жаңа жазба болады, онда көмек көрсетудің барлық мағлұматы болады. Олардың отбасына көмек көрсетейік!" - деп жазады Құдайбергенов Facebook парақшасында.

Еске сала кетейік, теракт кезінде үш полицияның қызметкері қаза тапты. Олар: Нұрмаханбетов Бауыржан Мәлікұлы - ІІД ӘПБ жол-патрульдік полициясының өзіндік қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы, 1988 жылғы. Ішкі істер органдарында 2011 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, қызы бар.  Сәлімбаев Мақсат Қолғанатұлы - полицияның кіші сержанты, ІІД ЖПҚ ЖПП полкінің полицейі, 1991 жылғы, ішкі істер органдарында 2013 жылдан бері қызмет етіп келген. Үйленген, қызы бар. Ғалиев Аян Ерболғанұлы - полиция старшинасы, Алматы қалалық МКҚБ ММ полициясының 2-ші батальонының полицейі, 1974 жылғы, ішкі істер органында 1997 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, екі қызы бар.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды", - делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Жансақтау бөлімінде 8 полицей жатыр. Алматыда террорлық қауіптің "қызыл деңгейі" жарияланған. Алайда кейін бұл режим алып тасталды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың өкілдері қаладағы шабуылдарды бір ғана адамның жасағанын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети