Олжас Сүлейменовтің қаза тапқан немересінің қалыңдығы: "Жазда үйленеміз деп едік"

27 Маусым 2018, 09:18
0
Олжас Сүлейменовтің қаза тапқан немересінің қалыңдығы: "Жазда үйленеміз деп едік" -

Олжас Сүлейменовтің таяуда жол апатынан қаза тапқан немересі Ескендірдің қалыңдығы Алуа Бекқожа Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында мотоцикл сатып алуға қарсы болғанын айтып берді. Оның үстіне, айтуынша, жігіттің ата-анасы да екі дөңгелекті көлікке қарсы болыпты. Ал кейбір туысы мотоцикл сатып алғанынан да бейхабар болып шықты. Алайда Ескендірді байк сатып алу ойынан ешкім қайтара алмапты. 

"Ескендір әлденеге қадам басса, соңына дейін барады. Бұрыннан мотоцикл сатып алғысы келген еді. Бала кезінен армандаған. Мотоциклді жақсы көрмейтінімді, қаламайтынымды айттым. Тіпті "Не мен, не мотоциклің" деп те айтқан кездерім болды. Ата-анасы да қарсы болды, кей туыстары тіпті білмеді. Мұндай жағдайға тап болмағанда бір-екі жыл айдап, оны тастар еді", - дейді Алуа. 

Қыз Ескендірмен жақын досы Санжар арқылы Париждегі барда танысқанын айтып берді. Жастар көп уақыт дос болып, ал жарты жыл бұрын екеуі сезімін білдірген.

"Үнемі бірге болғымыз келетін. Кездесе бастаған соң бірнеше күн өткенде үйленгісі келетінін айтты. Екі ай бұрын ұсыныс жасады. Отбасыларымызды таныстырдық. Жазда үйлену тойын өткізуді жоспарладық. Өте жарқын, қайырымды еді, ерекше еді, өте жомарт, адамдардың бойынан тек жақсылықты көре білетін. Жағымсыз қасиеттерін байқаса көңіл білдірмей, мұның әр адамның өзіне ғана байланысты екенін айтатын", - дейді қыз. 

Алуа сүйіктісінің қазасы жайлы жұмыс уақытында біліпті. Соңына дейін әзіл деп ойлапты. 

"Мұның ақиқат екенін оны кеше жерлеп қайтқанымыздан кейін түсіндім. Өлім туралы суық хабар келгенде жұмыста едім. Шоурумда жұмыс істеймін, барлығы французша сөйлейді. Бірден тілім байланып, не болғанын түсіндіре алмай, не үшін жылағанымды да айтпажым. Денем дірілдеп кетті. Дереу үйге қайтуым керектігін түсіндім. Есімнен танып қалатынымды сездім. Әлі күнге сене алар емеспін. Мен сүйген адам менімен оқиғадан 20-30 минут бұрын менімен хат алмасқан. Соңғы хабарламамды ол сол күйі оқымай кетті", - дейді Алуа.

Қыздың айтуынша, Ескендір жылдың соңына дейін некелесуді жоспарлаған. Алуаның айтуынша, жігіт жол қозғалысы ережесін бұзбайтын, салмақты жүргізетін. 

"Ол өте баяу жүретін. Тіпті көлікте отырғанда да маған назар аудармауға тырысатын. Бағдаршамда тұрғанда өзге жұптар қол ұстасып, сүйіседі дейтінмін, ал ол "Сен көлікте отырсың, менің сенің қауіпсіздіңе жауаптымын" дейтін. Ол "ұшып" жүрді дегенге сенбеймін. Өмірге құштар еді, минуттық ләззат үшін жанын бұлай қауіпке тікті дегенге сенбеймін", - дейді Алуа Бекқожа. 

Еске салайық, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендірдің қаза тапқан жол апаты Астанада 22 маусымда Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген. 

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай