Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол апаты: Полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берді

24 Маусым 2018, 12:34
0
Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол апаты: Полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берді -

Астана қаласының полицейлері Олжас Сүлейменовтің немересі қаза болған жол апатына қатысты тергеудің қалай жүріп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Елордалық ІІД мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Астана қалалық ІІД жедел тергеу тобының қызметкерлері жол апаты болған жерге барды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Материалдар толық көлемде қылмыстық іске қосылды", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

26 жастағы мотоциклші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан болатын.

​"Hyundai маркалы көліктің жүргізушісі астаналық 29 жастағы қызға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы елордалық ІІД басшылығының бақылауында, - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан мотоциклшінің туыстары куәгерлерді іздестіріп жатқаны жайлы хабарланған болатын. 

Қаза болған жігіттің туыстары осы оқиға жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: +7701-44-44-134, +7701-551-82-22, +7701-981-78-81.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай