23 қаңтар 2014 15:15

Өлім жазасын мүлдем алып тастауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото oilnews.kz сайтынан Фото oilnews.kz сайтынан

Қазақстанның Парламент Мәжілісінің депутаттары Қылмыстық кодекстің жаңа нұсқасынан адамды өлім жазасына кесуді мүлдем алып тастауды ұсынып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Біздіңше, қазіргі рекодификация (әрбір бап пен тармақтың мәнін ашу жұмысы - авт.) үдерісі бізге Қазақстани Республикасының заңнамасынан өлім жазасын толығымен тоқтату туралы шешім қабылдауға және жазаның бұл түрін Қылмыстық кодекстің жаңа нұсқасынан мүлдем алып тастауға тамаша мүмкіндік беріп отыр", - делінген ҚР Қылмыстық кодексі жобасының арнайы кестесінде. Айта кетейік, 2003 жылы Президент Н.Назарбаевтың жарлығымен өлім жазасына қатысты барлық сот шешімдеріне мерзімсіз мараторий салынған болатын. Ал Қылмыстық кодекстің бүгінгі жаңа нұсқасына сәйкес, 48 бап, яғни өлім жазасы адам өліміне себеп болған лаңкестік және әскери жағдайда жасалған аса ауыр қылмыстар үшін қарастырылған. Осыған орай, қылмыстың нақты 16 түрі көрсетілген. Соның ішінде диверсия, лаңкестік, президент өміріне қауіп төндіру және тағы басқа қылмыстар бар. Депуттаттар оның барлығын алып тастауды ұсынып отыр. Алайда бұл бастамаға Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының депутаттары қарсы. Бас прокуратура да өлім жазасын мүлдем алып тастауды қолдап отырған жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети