"Өліп кете жаздадық". Шымкент тұрғыны жарылыстан кейін пәтерінен, көлігінен және гаражынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Өліп кете жаздадық". Шымкент тұрғыны жарылыстан кейін пәтерінен, көлігінен және гаражынан айырылды

Шымкенттегі перзентхананың жанындағы жарылыстан кейін үш баласы бар жергілікті тұрғын пәтерсіз, көліксіз және гаражсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі перзентхананың жанындағы жарылыстан кейін үш баласы бар жергілікті тұрғын пәтерсіз, көліксіз және гаражсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шахноза Абдухабрадова жарылыс болған ауруханааралық дәріханаға қарама-қарсы үйде тұрады. Төтенше жағдай кезінде ол балалары мен анасымен бірге пәтерде болып, таңғажайып жағдайда тірі қалды.

Жарылыстың салдарынан шымкенттіктің бес бөлмелі пәтері мен көлігіне зақым келді. Сондай-ақ гаражы да бұзылды. 

"Жарылыс кезінде балаларыммен және анаммен бірге үйде болдым. Таңертең сағат 11-де мен жарылысты естідім, басында жер сілкінісі деп ойлап қалдым. Біз бірден үйден шықтық. Сыртқы шықсам, қираған ғимараттың сынықтары менің көлігім тұрған гаражға құлаған екен. Одан бөлек, үйімнің бір бөлмесі қатты зардап шекті. Есіктер мен қабырға қирап тұр", - деді ол.

"Гаражда болған тапсырысқа қажетті ыдыс-аяқтан түк қалмаған. Гараждың төбесі толығымен құлады. Өзім үстел безендірумен айналысамын. Енді жұмысым да тоқтап тұр", - дейді Абдухабрадова. 

Шахнозаның айтуынша, қазір пәтерде тұру қауіпті. Өткір иіс, қираған қабырғалар маза бермейді. Қазір зардап шегушіні толғандыратын басты мәселе - оның бүлінген мүлкін кім қалпына келтіреді.

"Біз бір өлімнен аман қалдық. Мұның бәрін кім қалпына келтіретінін, оған кім жауап беретінін білмеймін. Мен де білмеймін. Қазір барлығы бір-біріне сілтеп, жауапкершілік алудан қашып жатыр", - деп шағымданды ол. 

Еске салайық, кеше Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болды. Жарылыстан қаза тапқандар саны үшеуге жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети