21 мамыр 2022 | 19:37

Шымкенттегі жарылыс: қаза тапқандар саны артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жарылыстан қаза тапқандар саны үшеуге жетті. Қаза болғандар ішінде тағы бір жұмысшы бар , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі өкілдеріне сілтеме жасап.


Шымкентте жарылыстан қаза тапқандар саны үшеуге жетті. Қаза болғандар ішінде тағы бір жұмысшы бар , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі өкілдеріне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдай ведомствоның бақылауында екенін хабарлады. Оқиға орнына ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің басшысы шыққаны айтылады.

"Психологтар тобының жұмысы ұйымдастырылды. Бұдан басқа, Түркістан облысы бойынша жүкті және жаңа туған нәрестелерді бағыттауды ұйымдастыру және өзгерту бойынша жұмыстар шұғыл түрде жүзеге асырылып жатыр. Медициналық қызметкерлер бригадалары ауылда перинаталдық көмек көрсету үшін аудандық ауруханаларға жіберіледі, өйткені №1 ОПО 3-ші деңгейдегі функцияларды орындады және облыстың 7 ауданынан жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді емдеуге жатқызумен айналысты. Зардап шеккендерге А.Сызғанов атындағы ҰҒО хирургия дәрігерлері консультация жасап жатыр",- деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жарылыстан кейін тағы бір адам қаза болған - жұмысшы Ш., 1980 жылы туған.

"Қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз. Зардап шеккендерге көмек көрсету және осы қайғылы оқиғаны тергеу үшін ведомство барлық қажетті шараларды қабылдайды", - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін төтенше жағдай орнында жаңа туған бала мен күзетші қаза болғаны хабарланған.

Еске салайық, бүгін таңертең Шымкенттегі перзентханасының маңында ауруханааралық дәріхана жарылды. Шымкент полициясы жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Шымкенттегі жарылыс сәті бақылау камераларына түсіп қалған

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.58   535.1   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети