21 қазан 2020 08:57

"Омбыдан келген қонақ жұқтырды". Қарағанды облысында ауыл карантинге жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Центральное ауылында коронавирус инфекциясы жағдайларына байланысты карантин енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Центральное ауылында коронавирус инфекциясы жағдайларына байланысты карантин енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"КВИ Омбыдан келген қонақта расталды. Байланыста болғандар арасында да ауру жағдайлары тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Бұқар жырау ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен Центральное ауылында карантин енгізілді. Блокбекеттер орнатылды және карантиндік аймаққа кіруге және одан шығуға тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, ауыл тұрғындары карантин режимін сақтауға міндетті. Үйден тек жұмысқа, жақын дүкендерге немесе дәріханаларға баруға болады.

"Карантин соңғы науқас емделіп шыққанға дейін дейін жалғасады. Шектеулерді алып тастау туралы қосымша хабарланатын болады. Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары, бетперде режимін, қашықтықты сақтау, сондай-ақ антисептиктерді пайдалану қажеттілігі туралы еске саламыз", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети