1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Омикрон ендігі Алматыға келген болуы мүмкін - әкімдік 30 желтоқсан 2021, 16:09

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров коронавирустың омикрон штамы қалаға келген болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров коронавирустың омикрон штамы қалаға келген болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Омикрон ендігі Алматыға келген болуы мүмкін, өйткені вирус жұқтыру дерегі өскені байқалады. Бірнеше күн бұрын 30 жағдай болса, бүгін ол 60-қа жуықтады. Бірнеше күнде көрсеткіш екі есеге өсті. Сондықтан қала әкімдігі мен коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі қалалық штаб барлық алматылықты Жаңа жылда Алматыда болуы мүмкін індет салдарын түсінуге шақырады", - деді Бабақұмаров журналистермен кездесуде.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бастығының орынбасары Сәдуақас Байғабулов та жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, өткен аптада науқастардан 25 сынама алынған. Айналымдағы штамдарды геномдық жүйелеу жүргізіліп жатыр, оған орта есеппен екі-төрт апта уақыт кетеді, содан кейін ғана олардың құрамында омикрон бар-жоғын анықтауға болады.

"Өткен аптамен салыстырғанда алматылықтар арасында COVID-19-ды жұқтырудың жаңа жағдайлары екі есе артуына байланысты омикрон штамы айналымының ықтималдығы бар", - деді Байғабулов.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша қалада омикрон штамы анықталмағанын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram