26 ақпан 2019 16:50

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысы әкімі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өмірзақ Шүкеев. © primeminister.kz Өмірзақ Шүкеев. © primeminister.kz

Өмірзақ Шүкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Өмірзақ Шүкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.  

Осыған дейін Шүкеев ауыл шаруашылығы министрі және премьер-министрдің орынбасары қызметін қоса атқарған. Оның орнына бұрынғы Мәжіліс депутаты Сапархан Омаров тағайындалды.

Бұл қызметте ол Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты алмастырды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды", - делінген Жарлықта. 

Өмірзақ Естайұлы Шүкеев 53 жаста. Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау жанындағы АӘК ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері; ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі; ҚР Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинеті Қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары; ОҚО әкімшілігі басшысының орынбасары. Әр жылдары ҚР Экономика министрі; ҚР Экономика және сауда министрі; ҚР премьер-министрінің орынбасары; "Банк Туран-Әлем" ЖАҚ Басқарма төрағасы болды"; ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 

Түрлі жылдары Қостанай облысының әкімі, Астана қаласының әкімі және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2007 жылдың тамыз айында Шүкеев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын (ҰӘҚ) басқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети