14 маусым 2024 09:11

Өнеркәсіп министрлігінде утильалымға қатысты отырыс өтті: не талқыланды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com / ChiccoDodiFC Фото:depositphotos.com / ChiccoDodiFC

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алаңында утильалымына қатысты петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.


ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алаңында утильалымына қатысты петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

Отырыс басталған кезде вице-министр петицияға 50 мың адам қол қойғанын және оны қарау және оны тиімді талқылау және барлық тараптардың мүдделеріне сай келетін шешімдерді әзірлеу үшін сындарлы түрде қарау маңызды екенін атап өтті.

Петиция бастамашысы өз сөзінде утильалымының экономика салаларына, атап айтқанда автомобиль өнеркәсібіне, құрылыс, жол және арнайы техника өндірісіне тигізетін әсері туралы айтты.

"Отырыс барысындағы пікірталас аясында оның утильалымы процедурасы арқылы жиналған қаражатты бөлудегі ашықтық тақырыбын, сондай-ақ қазақстандық автомобиль өнеркәсібінің даму болашағы мен оның қазіргі жағдайын қозғады.

Атап айтқанда, өндіруші компаниялардың өкілдері утильалымы алып тасталса, жұмыс орындары қысқартылатынына алаңдаушылық білдірді. Олар қазіргі уақытта тұрақты және бәсекеге қабілетті жалақымен, әлеуметтік пакетпен және біліктілігін арттыру мүмкіндігімен қамтамасыз етілген автомобиль өнеркәсібі мен онымен байланысты салаларда өте көп жұмысшы қызмет ететінін еске салды", - делінген хабарламада.

Жиналыс соңында Олжас Сапарбеков оның қатысушылары ең алдымен утильалымының ағымдағы өзгерістері мен перспективаларын талқылағанын атап өтті. Одан бөлек, Жұмыс тобы мүшелерінің алдағы уақытта өңірлердегі зауыттарға сапарлары кестесі бекітілді. Жұмыс тобының мүшелері Көкшетау қаласындағы "КАИК" ЖШС, "Kazrost Engineering LTD" және "КАМАЗ-Инжиниринг" АҚ, Алматыдағы "Hyundai Trans Auto" ЖШС және "Hyundai Trans Kazakhstan" ЖШС, Семейдегі "SemAZ" ЖШС және "Daewoo Bus Kazakhstan" ЖШС, сондай-ақ Қостанайдағы "СарыаркаАвтоПром" ЖШС, "Машиностроительный завод МТЗ-Казахстан" ЖШС мен "Агромашхолдинг KZ" АҚ барады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 473.16   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети