Оңтүстікте жаңбыр мен сулы қарға байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстікте жаңбыр мен сулы қарға байланысты ескерту жарияланды © Tengrinews.kz

Оңтүстікте жаңбыр мен сулы қарға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстікте жаңбыр мен сулы қарға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Оңтүстік Қазақстан облысында 2 сәуірде және 3 сәуірге қараған түні жаңбыр жауады және кей жерлерде толастап жауған жаңбыр қарға ұласады. Кей жерлерде тұман, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, ұйытқыған желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді. 3-4 сәуірде түнде ауа температурасы 2-7 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін. 2-3 сәуірде Жамбыл облысында жаңбыр жауып, кей жерлерде оның соңы қарға ұласады. Кей жерлерде тұман. 2 сәуірде күндіз ауа температурасы 5-10 градусқа, кей жерлерде 13 градусқа жылы болса, 3 сәуірде 0-5 градус жылы болады, кей жерлерде 8 градус аяз болады", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, қар жамылғысының қалың болуына және жылымыққа байланысты Алматы облысының, Талас Алатауы тауларында және Өгем жотасында 1-3 сәуір аралығында қар көшкіні жүру қатері бар. Қалған таулы аудандарда қар көшкіні болмайды. 

"Қар көшкінін шақыратын таулы аймақтарға шығуға кеңес бермейміз. Тауларда абай болыңыздар", - деп ескертеді "Қазгидромет" РМК мамандары. 

Сондай-ақ, алдағы күндері көп мөлшерде түсетін жауын-шашынға байланысты Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысындағы аласа тау өзендерінде жаңбыр мен еріген қар суы жиналып, беткейлік ағын пайда болуы мүмкін екені айтылады. Осыған дейін синоптиктер сәуірге арналған ауа райы болжамын жария еткен еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети