01 сәуір 2017 13:29

Сәуірде ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер елімізде сәуірде ауа райы қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер елімізде сәуірде ауа райы қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, сәуір айының басы суық болады, жел тұрып, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс аумақтарда жауын-шашын көп мөлшерде түседі.

Қазақстанның батысында ауа температурасы түнгі уақытта 2-10 градус суық болса, күндізгі уақытта 0-8 градус жылы болады; солтүстік, шығыс және еліміздің орталығында 5-15 градус суық болып, күндіз 0-8 градус аралығында суық болады; оңтүстік-шығыс аумақтарда түнде 0-5 градус жылы, ал күндіз 0-8 градус суық болады; оңтүстік және оңтүстік-шығыс аумақтарда түнде 0-5 градус жылы болса, күндіз 5-13 градусқа дейін жылы болады.

"Кейін Орталық Азиядан жылы ауа массалары келіп, сәуір айының бірінші жартысынан кейін Қазақстанның барлық дерлік аумағында жылы ауа райы қалыптасады, оңтүстікте қатты ыстық болады деп күтіледі. Солтүстік аумақтарда күндіз 8-15 градус жылы болса, оңтүстік аумақтарда күндіз ауа температурасы 18-25 градусқа дейін жетеді", - деді мамандар.

Сондай-ақ, синоптиктер сәуір айының екінші жартысында еліміздің солтүстігінде салқын  ауа райы сақталып, жауын-шашын болатынын айтты. 

Осылайша, сәуір айының екінші жартысында солтүстікте ауа температурасы түнгі уақытта -2...+3 градус, күндіз 3-8 градус жылы; ал оңтүстік аумақтарда түнде 3-10 градус жылы болса, күндіз 10-15 градус жылы болады деп болжанып отыр.

Алдын ала болжам бойынша, сәуір айының үшінші жартысында жылы ауа райы мен жауын-шашын сақталып, ауа температурасы солтүстігімізде түнде 5-10 градус жылы болса, күндіз 10-15 градус жылы болады. Ал еліміздің оңтүстігінде түнде ауа температурасы 10-15 градус жылы болса, күндіз 15-20 градусқа дейін жылы болады.

Cонымен қатар, баспасөз қызметіндегілер бір айдағы жауын-шашын нормасының Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан жоғары болатынын, ал қалған аумақтарда норма шамасында болатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети