Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Оңтүстік Қазақстанда болған үйлену тойында оқ атқан жігіт 20 жылға сотталуы мүмкін

15 Қыркүйек 2015, 12:02
0
© bashunter.ru
© bashunter.ru

Оңтүстік Қазақстанда 4 қыркүйек күні болған үйлену тойындағы оқиғадан зардап шеккен балалардың жағдайы оңалып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі дәрігерлерге сілтеме жасап.

Үш жасар Дүрдананы Сайрам аудандық ауруханасының дәрігерлері үйіне босатты. Ол бірнеше жерінен жарақат алған, бірақ медициналық көмек көрсетілгеннен кейін қыз бала аяғынан тік тұрып, оны туыстары үйіне алып кетті. Зардап шеккен екінші бала  - екі жасар Раушан, ол Шымкентте облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Сайрам аудандық ауруханасының нейрохирургтары оның басынан бытыра жарқыншақтарын алып шықты, кейін ол облыстық балалар ауруханасының мамандарына жіберілді.

Олар оқ тесіп өткен кеңірдек тарамы мен өңештегі жараны емдеді. "Баланың мойнында оқ тесіп өткен жара болды, кеңірдек тарамы мен өңеші зақымданған. Қазір жағдайы бір қалыпқа түсті және біз оны жалпы палатаға ауыстыру мәселесін қарап жатырмыз", - деді облыстық балалар клиникалық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Қайрат Ізбасов.

Сонымен қатар, оқ атқан жігіттің отбасы зардап шеккендерге кез келген көмекті көрсетуге дайын екенін жеткізді. "Ол отбасына жаным ашиды, екі жас келіншек көз жұмды, 7 бала анасыз қалды. Мен қаржылай болсын, жылы сөзбен болсын, қолымнан келгенінше көмектесемін. Мен ол отбасына бардым, жерлеу кезінде де, одан кейін де ағаммен бірге ол үйге бардық. Оларға көңіл айттық", - деді оқ атқан жігіттің атасы Хусниддин Қошақов.

Дастан Қошақов отбасындағы ең үлкен бала. Атасының айтуынша, немересі тілалғыш болып өскен, оған ұстаздары да, достары да ешқашан наразы болмапты. Үш ұлды аналары 25 мың теңге жалақымен жалғыз асыраған. Дастан анасына көмектесіп, көршілері мен таныстарының өтінішімен мал сойып беретін болған. Сүйікті немересінің қолына қосауыздың қалай түскенін Хусниддин ата білмейді. Бірақ ол отбасы мен қорғаушының бар күші жігіттің адамдарды әдейі өлтірмегенін және кінәсін полицияға өзі барып мойындағанын растауға жұмсалатынын айтты.

Еске сала кетейік, үйлену тойындағы атыс 4 қыркүйекте Манкент ауылында болды. Үйлену тойының қонақтарының бірі қалыңдықты оқ ату арқылы қарсы алмақшы болған. "Алдан ала мәлімет бойынша, жігіт қаруды көліктен алып шыққанда ол кенеттен атылып кетіпті. Оқ жүргізушінің бетін сырып өтіп, көлікке қарама қарсы тұрғандарға тиген. Оқиға орнында екі әйел қаза тапты, олардың бірі 1992, екіншісі 1989 жылғы. Тағы үшеуі жарақат алды", - деді подполковник Данияр Мейірхан.

Атысты ұйымдастырған 1996 жылғы жергілікті тұрғын болып шықты. "Полицейлер тойда атыс ұйымдастырған жігітті 3-4 сағаттың ішінде ұстады. Ол жергілікті тұрғын, күйеу жігіттің досы болып шықты. Оқиғадан кейін ол қашып кеткен, дегенмен Манкенттен табылды. Күдікті өз кінәсін мойындады", - деді Мейірхан. Сайрам полицейлері жігіт оқ атқан қаруды тәркіледі. Күдікті оны оқиға орынан 7 шақырым қашықтықтағы құбырға жасырған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, жігіт уақытша ұстау изоляторында отыр, ол 20 жылға дейін сотталуы мүмкін.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай