25 маусым 2020 17:34

Оңтүстік Корея президенті Назарбаевқа жеделхат жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннен жеделхат келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннен жеделхат келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мун Чжэ Ин Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды алаңдаушылықпен қабылдады.

"Мен өткен жылдың сәуір айындағы Қазақстанға сапарымда Сізбен болған кездесуді әрдайым жылы сезіммен еске алып отырамын. Қос ел арасындағы ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы ахуал жайында өрбіген әңгіме барысында Сіздің көпжылдық тәжірибеңіз бен даналығыңызға тәнті болдым.

Сізге тез арада коронавирусты жеңіп, сауығып кетуіңізді тілеймін", - делінген жеделхатта.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети