Оңтүстік Кореядағы қазақстандық карантинге жатқызылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореядағы қазақстандық карантинге жатқызылады © REUTERS

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырды делінген қазақстандық елшілікпен байланысқа шықты. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырды делінген қазақстандық елшілікпен байланысқа шықты. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктегілер қазақстандықтың Оңтүстік Кореяда заңсыз жүргенін айтады.

"Ол өзі бізбен байланысқа шықты. Әлеуметтік желілерде суреттері таралып жатқанына таңғалып жатыр. Ансон қаласында ешқашан болмаған да екен, сараптама да тапсырмаған. Дегенмен сараптама тапсыруға дайын екенін айтты", - деді министрлік өкілі брифингте.

Смадияров қазақстандықтың карантинге жатқызылуы керегін айтады.

"Қазақстандықта коронавирустың ешқандай белгілері жоқ. Оған ауруханадағылар коронавирусқа тексеріле алмайтынын және ауруханада жатқызылмайтынын айтқан. Елшілік бұл мәселені бақылауға алды. Осыған байланысты СІМ өкілдері БАҚ-тардан расталмаған ақпарат жарияламай, елді дүрліктірмеуді сұрайды", - деді Смадияров.

Еске салайық, осыған дейін Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған қазақстандық туралы мәліметтің расталмағаны хабарланған болатын. "3 наурызда Оңтүстік Кореяның әлеуметтік желілерінде Қазақстан азаматында COVID-19 вирусы анықталғаны хабарланды. Әлеуметтік желілердегі хабарламаларға қарағанда, клиникадан қашып кеткен қазақстандықты қазір полиция іздестіріп жатыр. (...) Бұл мәлімет расталған жоқ", - деген едіі Смадияров.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети