25 ақпан 2014 | 17:54

Оңтүстікте газ мәселесі биыл толық шешілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото yujanka.kz сайтынан Фото yujanka.kz сайтынан

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының бүгінгі алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Серік Ахметов "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Меніңше, биыл "Бозой-Шымкентті" іске қосудың арқасында біз еліміздің оңтүстік аймақтарын газбен қамтамасыз етудің сыртқы факторлар мәселесін толығымен шешеміз. Бірақ алдымен осы "Бейнеу-Бозойды" биылдан қалмай аяқтау қажет. Әзірше, ол жақта қаржыландыру, жұмыс кестесін орындау және тағы басқа бірқатар мәселелер бар. Дегенмен, күзде, ары кетсе, жылдың соңына дейін біз аталған учаскені бітіруіміз керек", - деді "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының бүгінгі алқа мәжілісінде Премьер-министр. Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбыры оңтүстік аймақтарды көгілдір отынмен тұрақты түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети