Оңтүстікте жаңбыр, солтүстікте 30 градус аяз: 17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстікте жаңбыр, солтүстікте 30 градус аяз: 17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

17 ақпанда Қазақстанның бірнеше өңірінде жел, бұрқасын соғып, тұман болады, кей өңірде жауын-шашын мол түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктердің мәліметінше, Қостанай облысының көп бөлігінде қар жауады. Жаяу бұрқасын, тұман болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-ке жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр, қар жауады. Тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысында да тұман, жаяу бұрқасын. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында көктайғақ, тұман болады. Жел батыстан соғады, облыстың орталығында күндіз күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады. Тұман түседі. Екпіні 15-20 м/с болатын жел тұрады.

Ұлытау облысында тұман, жаяу бұрқасын болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +28
Ақтау +25
Ақтөбе +28
Атырау +31
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +35
Қызылорда +25
П
Павлодар +26
Петропавл +23
С
Семей +23
Т
Талдықорған +30
Тараз +35
Түркістан +28
О
Орал +21
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер