29 қаңтар 2014 18:02

Оңтүстікте су тасқыны болатыны ескертілді

©ШҚО ТЖД

Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқыны қаупіне байланысты дабылды ескерту берілді деп хабарлайды "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасаған Tengrinews.kz. "Жақын тәуліктерде күтілетін жауын-шашынның көп болуына және температураның жоғарылауына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының еңіс таулы өңірлеріндегі жекелеген өзендердің суы тасиды, биік қырлардан жылдам қарқынмен су ағуы мүмкін", - делінген метеорологтердің хабарламасында. Қазақстанның басқа аймақтарында 30 қаңтар күні тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, жел мен боран күшейеді, жекелеген аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыста және қиыр солтүстікте ғана аязды ашық күн болуы мүмкін. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында күшті аяз болады деген болжам бар. Өте күшті аяз Маңғыстау облысы аумағында байқалады. Астанада аздаған қар жауады, ауа температурасы нөлден 23-25 градусқа төмендейді. Алматыда арагідік қар жауып, сынап бағанасы 3-5 градус жылы аралығын көрсетеді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram