Оның жетістігі біреуге кедергі болған шығар - Денис Теннің анасы

04 Қаңтар, 12:08
0

Денис Теннің анасы Оксана Тен сотта сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Басты сот отырысы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр.

"Тапсырыс берушілердің қандай мотиві болуы мүмкін? Әрине, мен бұл туралы ойладым. Болған жағдайға не себепші? Бірден айтайын: біраз себепті басында-ақ алып тастадым - ақша, ол ешқашан ақшаға қызыққан емес, ең бастысы - бұл спорт еді. Сонымен қатар, ол өнер саласында шұғылдана бастады. Оның үлкен творчестволық жобалары болды. Оның өмірлік ұстанымы ұнамады ма, бәлкім оның жетістігі біреуге кедергі келтірген шығар немесе қуантпаған болар, осылай айтайық", - деді Оксана Тен. 

Ол қаржы мәселесін жоққа шығарды. 

"Денис мәрт еді: біреулер көмек сұрап келсе, міндетті түрде көмектесуге асығатын, бөлісетін. Ұтысын балалар мен мәнерлеп сырғанаушылармен бөлісуді жөн көретін. Қолы қалт ете қалса үлкен шеберлік дәрістерін өткізуге тырысатын. Жұлдыздарды шақыратын: олардың жолын, тамағын төлеп, бір апталық шеберлік дәрістер өткізетін. Әлемге танымал жұлдыздарды шақыратын. Денис ауру балаларға көмектесетін. Шоу өткізіп, содан түскен қаражатты ауру балаларға берді", - дейді Оксана Тен. 

Оксана Тен мұның жай көлік айнасын ұрлау екеніне сенбейтінін айтып, 2018 жылы 19 тамызда тапсырыспен кісі өлтіру болды деп топшылайды. 

Айта кетейік, осы іс бойынша сот алдына Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева келді.

Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 2-тармағы ("Ұрлық") бойынша, 192-баптың 2-бөлігі 1,4-тармақтары ("Қарақшылық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр. 

Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары ("Ұрлық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.

Жанар Толыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы ("Ұрлық") бойынша және 434-бап бойынша ("Қылмыс туралы хабарламау") айыпталып жатыр.

Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.

Еске салайық, биыл 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Адвокат: Денис Тен тапсырыспен өлтірілді

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Сондай-ақ, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген тергеудің аяқталғанын мәлімдеген еді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай