ОҚО әкімдігі өңірде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың толықтай қоларбамен қамтылғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО әкімдігі өңірде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың толықтай қоларбамен қамтылғанын мәлімдеді © ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, биыл Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс өткізу шарасы аясында "Әлеуметтік қолдау" айлығы шеңберінде өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі жандар 100 пайыз қоларбамен қамтылды. 

Тарқатып айтсақ, жыл басынан бері 1422 мүмкіндігі шектеулі азаматқа 1465 қол арба сатып алынып, оның 1107-сі таратылды. Сөйтіп, облыс бойынша 1064 мүмкіндігі шектеулі азамат қоларбамен қамтылып, оның 43-не жеке оңалту жоспарына сәйкес бөлмеішілік және серуендеуге екі қоларбадан берілді. 

Айта кетейік, ОҚО-да 112 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұрады. Оның 53 мыңнан астамы І және ІІ топтағы мүгедектер болса, 42 мыңға жуық азамат III топтағы мүгедектер. Ал облыста бала кезден мүгедектер саны 17286 адамды құрайды. Оның ішінде, 7744 мұқтаж мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети