Орал әкімі Мұрат Мұқаевтың жалақысы қанша екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орал әкімі Мұрат Мұқаевтың жалақысы қанша екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орал әкімі салық төлемдерін алып тастағанда қолына 390 322 теңге алады. Бүгінде бұл ең төменгі 17 жалақыға тең. Жыл сайынғы орташа табысы - 7 миллион 265 мың 505 теңге.
"Салықты уақтылы төлеймін, жыл сайын 532 769 теңге төлеймін. Жалақым жетеді. Кейбір сомасын жинап жүрмін", - деп жауап берді Мұрат Мұқаев Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында.
Қала әкімінің жалақыны көбіне тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсайтыны айтылады.
Мұның алдында БҚО әкімі Алтай Көлгіновтің, Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың, Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаевтың жалақысы аталған еді.
Кейінірек Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев өзінің айлық жалақысы қанша екенін айтқан болатын. Ақмола облысы бойынша облыс орталық әкімінің айлық көрсеткіші - 451 627 теңге.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов айына 967 672 теңге алады екен. Кейін Павлодар қаласының әкімі қанша алатыны белгілі болды. Әнуар Көмпекеевтің мөлшерлемесі - 462 245 теңге.