24 мамыр 2021 16:57

Орал әкімдігі тасжол құрылысының кешігуіне қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © uralskweek.kz Фото: © uralskweek.kz

Биыл маусымда Деркөл кенті Сарыарқа шағын ауданында жол құрылысы басталады. Бұл туралы Орал әкімдігі өкілдері жақында өткен наразылық акциясына жауап беру кезінде айтты. Елді мекеннің 50-ге жуық тұрғыны өз проблемаларын айту үшін жиналыс ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ақпаратына сүйенсек, жол құрылысы бойынша жобаны іске асыру 2020 жылы басталған. 48 көшені жөндеуге 3,4 миллиард теңге жұмсау жоспарланған.

"Мердігер ұйым – "Уральскводстрой" ЖШС. Барлық қажетті процедура күзде бітті. Мердігер өз есебінен Малина көшесінде бір шақырым жол салды. Қазіргі уақытта құрылыс тоқтап тұр. Жөндеуге қаражат республикалық бюджеттен түсуі керек. Маусымда құрылыс басталады. Биылғы жылы 1 миллиард теңгені игеруді жоспарлап отырмыз. Бұл ақшаға 5-6 көше саламыз. Жобаны 3-4 жылда аяқтаймыз", - деді Орал қалалық ТКШБ, ЖК және АД бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев.

Деркөл кентінің билігі тұрғындармен кездесіп, жағдайды түсіндірді.

"Жол мәселесі бар. Қазір кентте сегіз мыңға жуық адам тұрады және адамдар барлық есеп беру кездесуінде асфальт жоғы туралы айтады", - деді Деркөл кенті әкімінің орынбасары Роман Жұмиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети