30 желтоқсан 2021 09:00

Орал маңындағы екі мың тұрғын газсыз қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews Фото: Тengrinews

Оралда қала маңындағы саяжай тұрғындары газсыз қалды. Бүгін шарасыз халық қала әкімдігіне келді. Олар суық үйден балалар мен қарттар ауыра бастағанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда қала маңындағы саяжай тұрғындары газсыз қалды. Бүгін шарасыз халық қала әкімдігіне келді. Олар суық үйден балалар мен қарттар ауыра бастағанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, Орал-Подстепное тасжолы ауданында орналасқан екі мыңға жуық тұрғыны бар бірнеше саяжай газсыз қалған. Жағдайды 25 градустық аяз қиындатады.

"Кішкентай балаларым бар. Желтоқсанның 28-нен бастап газсыз қалдық. Күн қатты суытып кетті. Бізге "ҚазТрансГазАймақ" қызметкерлері жағдайды түсіндірмеді", - деп ашуланды Ұлғаным Садықова.

Тұрғындар бірнеше жылдан бері саяжай аумағында тұрып жатқанын, мұндай жағдай бірінші рет болып тұрғанын айтады.

"Біз бұл жерге үй салып бастағанда газ қызметінен барлық қажетті рұқсаттарды алдық. Қазір олар газ қысымы төмен деп айтып жатыр. Бірақ біз газға үнемі төлейміз. Неліктен балалар мен қарттар зардап шегуі керек? Екі мың отбасы үсіп кету қаупінде тұр", - деді Әнуар Хайрушев.

Тұрғындар қала әкімдігінен қолдау сұрап барған. Олар жағдайды анықтауға уәде берді.

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ филиалы да жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Жалпы ұзындығы 11 шақырымнан асатын орташа қысымды газ құбыры 2016 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда аталған газ құбырына 22 бау-бақша қоғамы қосылған. Ең жоғары жүктеме кезінде газ реттеу пункттеріне кіре берісте қысымның жетіспеушілігі байқалады", - деп хабарлады газ қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта газбен жабдықтаушы ұйым қысымды арттырды. Бірақ саяжай тұрғындарына газ құбырының өткізу қабілетіне тексеру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети