14 қараша 2020 10:37

Оралда 15 жастағы қыз тұрмысқа шықты: анасы шағым жазудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

29 жастағы ер адаммен заңсыз некеге тұрған 15 жастағы қыздың анасы сот сараптамасынан бас тартты, - деп хабарлайды АstanaTV.


29 жастағы ер адаммен заңсыз некеге тұрған 15 жастағы қыздың анасы сот сараптамасынан бас тартты, - деп хабарлайды АstanaTV.

16 қыркүйекте тіркелген оқиғаның анық-қанығын тәртіп сақшылары кеше ашып айтты. Келтірілген деректерге қарағанда, 15 жастағы мектеп оқушысы қыркүйектің ортасында із-түссіз жоғалып кеткен. Іздеу салып шешесі полицияға арызданыпты. Ақыры тәртіп сақшылары, кәмелеттік жасқа толмаған қыздың 29 жастағы жігітке күйуге тиіп кеткенін анықтаған.

Дерек бойынша, "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болды", деген айыппен іс қозғалған. Алайда, ол тоқтап қалуы мүмкін. Өйткені, қыздың анасы арызды қайтып алған.

"15 жастағы қыздың анасы жасөспірім қызын сот-медициналық сараптамадан, өзге де биологиялық тексерістерден өткізуден түбегейлі бас тартып отыр. Жалпы медициналық тексерістен өткізуге қарсылық танытты", - деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

"Мой ГОРОД" хабарлауынша, осыдан кейін жасөспірім қара түсті паранжы киіп, толығымен бетін жауып, отбасымен байланысты үзбек болған.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети