13 тамыз 2020 15:37

Оралда 35 мыңнан аса тұрғын сусыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал қаласының орталық бөлігі сусыз қалды. Басқа шағын аудардарға су беруге шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орал қаласының орталық бөлігі сусыз қалды. Басқа шағын аудардарға су беруге шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Батыс Су Арнасы" ЖШС қызметкерлері 12 тамызда № 3 су шығару-сору станциясында (№ 3 ШСС) апат болғанын мәлімдеді. Нысан 1968 жылы салынған және қазір сапасына сын көтермейді.

"№ 3 ШСС машина бөлімін су басты. Ол жерде су сору жабдықтары мен электр қозғалтқыштар бар. Біз қаланы сусыз қалдырмау үшін түнде суды сорғымыз келді. Бірақ көп болған соң үлгермедік. Қала орталығына су тоқтатылды. 35 мыңнан аса абонент сусыз қалды. Апатты 14 тамызды толық жоюмыз керек". - деді "Батыс Су Арнасы" ЖШС техникалық директоры.

Қазір апат орнында арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Қалада бірнеше мекенжайда тұрғындары су беріліп жатыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети