23 желтоқсан 2020 | 13:55

Оралда бұрынғы әйелін кепілге алған ер адамға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Апелляциялық сот бұрынғы әйелін кепілге алған Орал қаласының тұрғыны Ерлан Іслямғалиевке қатысты шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Апелляциялық сот бұрынғы әйелін кепілге алған Орал қаласының тұрғыны Ерлан Іслямғалиевке қатысты шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

"Сот алқасы істі апелляциялық тәртіпте қарады, тараптардың барлық уәжі зерттелді және Іслямғалиевтің кінәсі толық дәлелденді деп есептеді. Оның кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен расталады.

Сондай-ақ, сот Іслямғалиевтің жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар жоғын және нақты бас бостандығынан айыру түрінде тағайындалған жаза заң талаптарына сәйкес келетінін атап өтті. Осыған байланысты соттың айыптау үкімі өзгеріссіз қалдырылды, апелляциялық шағымдар қабылданбады", - деп хабарлады БҚО сотының баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Мұның алдында Оралда бұрынғы әйелін кепілге алған ер адамның 13 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған болатын.

Еске салайық, 2019 жылдың 28 қарашасында Ерлан Ислямғалиев бұрынғы әйелін кепілге алған болатын. Жәбірленуші күйеуі оны бірнеше рет ұрып, зорлық-зомбылық көрсеткенін мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная