1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Оралда белгісіз біреу нотариусты кепілге алған: Полицейлер келіссөз жүргізіп жатыр

видеодан үзінді видеодан үзінді

Оралда нотариус-әйелді кепілге алды. Полиция белгісіз ер адаммен келіссөздер жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Орал апталығы"

Қазіргі уақытта полицейлер көппәтерлі үйдің бірінші қабатындағы Ирада Ислямгалиеваның нотариус кеңсесі қоршуға алды. Полицейлер бірінші қабатта тұратын тұрғындарды эвакуациялады. Полиция кеңсенің ішінен жауып алып, нотариусты кепілдікте ұстап отырған белгісіз ер адаммен келіссөздер жүргізіп жатыр

Ирада Ислямгалиеваның таныстары осы қылмысты істеп отырған оның бұрынғы күйеуі болуы мүмкін деген болжам айтты. Бірнеше жыл бұрын олар ажырасып кеткен. Ол агресив әрі физикалық зорлық-зомбылық көрсететін болған. Әйел бірнеше рет полицияға шағымданған, алайда қажетті қорғауды ала алмаған.