02 қараша 2020 12:54

Оралда бұрынғы әйелін кепілге алған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© uralskweek.kz © uralskweek.kz

Оралда әйелін кепілге алған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда әйелін кепілге алған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімді БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды.

Сотталушы Ерлан Ислямғалиев үкімді тергеу изоляторынан тыңдады. Ол сотты құрметтемегені үшін залдан шығарылған. Сотталушы жәбірленушінің адвокатына аяқкиімін лақтырған.

Судья Шара Зайнуллина сотталушының жәбірленуші Ираида Ислямғалиеваны кепілге алғаны, сондай-ақ, оны бірнеше рет зорлағаны және азаптағаны үшін кінәлі деп танылғанын айтты.

"Ерлан Ислямғалиев қауіпсіздігі барынша жоғары ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеумен 13 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді судья.

Сондай-ақ, сотталушы жәбірленуші мен оның ұлының пайдасына материалдық және моральдық шығын ретінде 10,5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Еске салайық, сот жабық режимде өтті. Мұның алдында айыптаушы тарап сотталушыны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Еске салайық, 2019 жылдың 28 қарашасында Ерлан Ислямғалиев бұрынғы әйелін кепілге алған болатын. Жәбірленуші күйеуі оны бірнеше рет ұрып, зорлық-зомбылық көрсеткенін мәлімдеген еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети