28 тамыз 2020 15:50

Оралда қолдан жасалған ұшақтың құлауы: ұшқыштың кім екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал маңында қолдан жасалған ұшақтың құлауынан қаза тапқан ер адам отставкадағы кәсіби ұшқыш болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орал маңында қолдан жасалған ұшақтың құлауынан қаза тапқан ер адам отставкадағы кәсіби ұшқыш болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы марқұмның туыстары айтты. 69 жастағы Павел Ерошенконың әйелі жұбайының бұл ұшу қондырғысын он жыл бойы жинағанын айтты.

Павел Ерошенко бірінші дәрежелі ұшқыш болғанын және Солтүстік флотта қызмет еткенін де әйелі хабарлады. Ол Тынық, Атлант және Солтүстік Мұзды мұхитында жауынгерлік тапсырмалар орындаған. Негізгі қызметті ту-142 алыс қашықтықтағы сүңгуір қайыққа қарсы ұшақта өткізген.

"Сенбіде жұбайым 10 жыл бойы жинаған ұшағымен алғаш рет ұшты. Ол жақын маңдағы даланы айналып өтті. Бәрі жақсы болған. Ол ұшаққа "Арман" деген атау бергісі келген. Ұшу аппаратында бейнебақылау камерасы орнатылған. Біз оны қарап шықтық. Менде күйеуім ұшып бара жатқанда денсаулығы күрт нашарлады деген күдік туындады", - деді Любовь Ерошенко.

Сонымен қатар, Павел Ерошенко шығармашылық адам болған, өлең жазып, ән айтқанды ұнатқан, тіпті кітабын шығарған екен.

Павел Ерошенко

БҚО полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталатынын атап өтті.

Еске салайық, 28 тамызда 8:30-да болды Оралда қолдан жасалған ұшақ апатқа ұшырады. Ұшу аппараты "Казинское" бау-бақша серіктестігінің маңына құлады. Оқиға болған жерде 69 жастағы ұшқыш көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети