23 шілде 2020 16:53

Оралда коронавирус салдарынан қоқыс шығаратын адам жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО орталық қаласында "Орал Таза Сервис" ЖШС қызметкерлері жаппай коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


БҚО орталық қаласында "Орал Таза Сервис" ЖШС қызметкерлері жаппай коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компаниядағылар соның салдарынан Оралда тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаратын адам жоғын айтты.

Қала тұрғындарының "Орал Таза Сервис" ЖШС жұмысына шағымдары шілденің басында түсе бастады. Оралда қалдық салатын контейнерлердің маңы қоқысқа толды. Қазір жағдай қиындады.

"Мен ет комбинатының ауданында тұрамын. Бұл жерде онсыз да қоқыс көп. Бірақ қазір ешкім шығармайды. Күн 40 градусқа дейін ыстық. Шыбындар, құрттар, жағымсыз иіс. Біздің проблемамызға қарасыншы", - дейді Антонина Селиванова.

"Орал Таза Сервис" ЖШС басшысының айтуына қарағанда, кәсіпорында істейтін 20-ға жуық адам коронавирус жұқтырып, ауырып қалған.

"Коронавирус пандемиясы біздің ұжымнан да сырт айналмады. Шілдеден бастап жүргізушілер мен олардың көмекшілері ауырып, демалысқа шықты. Көлік тұр, қоқысты шығаратын адам жоқ. Қазір 6-7 жүргізуші  COVID-19 жұқтырып, ауырып жатыр. Жазылғаннан кейін олар тағы 14 күн үйдегі карантинде болады. Кей ауданды тазартып үлгермей жатырмыз. Басқа ауысымдағы адамдарды қоқысты шығаруға жіберуге мәжбүрміз. Бірақ олар темірден жаралған жоқ қой. Тұрғындардан кешірім сұраймыз", - деді "Орал Таза Сервис" ЖШС директоры Рафхат Данагулов.

Еске салайық, БҚО-да ұжымдар мен жабық орындарда жаппай коронавирус жұқтыру фактілері тіркелді. Бұл ақпаратты аймақтың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов растады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети