08 сәуір 2021 15:02

Оралда тасжол опырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда Жәңгір хан көшесінде орналасқан "Бином" жанар-жағар май құю станциясы маңындағы тасжолда төтенше жағдай болды. Оқиға болған жерде арнайы техника жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орал әкімдігінде жол төсемінің опырылуы жеке аумақта болғанын хабарлады. Шұңқырдың маңайы қоршауға алынған.

"Факт тіркелді. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр", - деді БҚО ТЖД өкілдері.

Жолдағы шұңқыр су бұру желісіндегі апат нәтижесінде пайда болған. Кәріз коллекторын 2018 жылы мердігер ұйым қызметкерлері салған. Кепілдік мерзімі әлі аяқталмаған екен.

"Мердігер ұйымға техника бөлдік. Жолдың опырылу себептерін анықтауы қажет. Мердігерлер шығынды өз қаражаты есебінен жояды", - деді "Батыс су арнасы" ЖШС қызметкері.

Айта кетейік, бұл Орал кәріз желілерінде болған алғашқы апат емес. 2020 жылы осындай жағдай мыңдаған тұрғынды сусыз қалдырған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети