Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 327.63
EUR / KZT - 365.73
CNY / KZT - 47.96
RUB / KZT - 5.48

Оралдық кәсіпкерді өлтірген үшінші адам Алматыда ұсталды

12 Ақпан 2014, 10:53
0
Азамат Тоғаев. ТДК-42 арнасының кадры
Азамат Тоғаев. ТДК-42 арнасының кадры
Азамат Тоғаев. ТДК-42 арнасының кадры
Азамат Тоғаев. ТДК-42 арнасының кадры
Оралдық кәсіпкер Виталий Каркуланы өлтірді деген күдік келтірілген үшінші адам 11 ақпан күні Алматыда ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Уральская неделя" порталына сілтеме жасап. Полиция Азамат Тоғаевты қылмысты ұйымдастырушы әрі кісіні айуандықпен өлтіргендердің бірі деп есептейді.

34 жастағы Азамат Тоғаев Ресейдің Орынбор облысында туған. Бұрын үш рет сотталған, қарақшылық шабуыл жасап, кісі өлтірген. Күдікті есімі жарияланып, фотосуреті республикалық телеарналардан көрсетілгеннен бір күннен соң ұсталып отыр.

"Батыс Қазақстан облысының полициясы бұқаралық ақпарат құралдары мен қылмыскерді ұстауға көмектескен барлық азаматқа алғыс білдіреді. Қылмыскерді ұстауға көмектескені үшін ірі көлемдегі ақшалай сыйақы аноним және құпия жағдайда беріледі", - делінген хабарламада.

Бұған дейін құқық қорғау органдары Азамат Тоғаевтың екі сыбайласын қолға түсірген еді. Еске салайық, бұл қанды оқиға 13 қаңтарға қараған түні болды. Шаруа қожалығы басшысының үйіне баса-көктеп кірген қарақшылар қожайынды атып өлтіріп, оның әйелі - облыстық мәслихат депутаты - Валентина Каркуланың басын жарған. 7 ақпан күні депутат ауруханадан емделіп шықты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай