Оралға жаңа әкім тағайындалды

12 Тамыз, 16:34
0
Оралға жаңа әкім тағайындалды -

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының бұрынғы әкімі Абат Шыныбеков Орал әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық мәслихаттың депутаттары жаңва кандидатураны бірауыздан қолдады.

Абат Шыныбеков 1973 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 1995 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын "Ауыл шаруашылығын механизациялау", 1998 жылы Батыс Қазақстан "Еуразия" тілдер және менеджмент институтын "Экономика - менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.

Шыныбеков 1996-2003 жылдары түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған.

2003-2006 жылдары Казталов ауданы әкімінің орынбасары, 2007-2008 жылдары Орал қаласы әкімінің кеңесшісі, 2008-2012 жылдары "Нұр Отан" БҚОФ төрағасының орынбасары, 2012-2013 жылдары Орал қалалық мәслихатының хатшысы қызметтерінде болды. Ал 2017 жылы Казталов ауданының әкімі қызметіне келді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай