23 мамыр 2022 14:03

Ораз Жандосов Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің бұрынғы басшысы Ораз Жандосов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің бұрынғы басшысы Ораз Жандосов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Бағдат Мусин Facebook-парақшасында жазды.

Министр кейде маңызды шешім қабылдау үшін тәжірибелі кісілердің кеңесі қажет екенін білдірген.

"Маған кез келген сәтте кеңес беретін аса тәжірибелі, өзім арқа сүйейтін кісілердің бірі - Ораз Әлиұлы Жандосов. Онымен Қазпоштада жұмыс істегенде танысқан болатынмын, ол кезде тәуелсіз директор болатын және Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Леонидовна Бахмутовамен бірге маған тәжірибелік тұрғыда көп қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар жасаған еді. Сондықтан мен экономика саласының білікті маманы Ораз Жандосовқа штаттан тыс кеңесші болуға ұсыныс жасадым", - делінген жазбада.

Қазақстандық экономист, топ-менеджер және мемлекет қайраткері Ораз Жандосов 1961 жылы 26 қазанда дүниеге келген. 1983 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін үздік бітірген (экономист-кибернетик). 

Бұған дейін Қазақстан Үкіметінің қаржы мәселелері жөніндегі вице-премьері, KEGOC ұлттық компаниясының басшысы, Ұлттық Банктің төрағасы, қаржы министрі қызметтерін атқарған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети