20 қараша 2022 12:34

"Ордабасы" футболшылары спортшылар мен жанкүйерлерді сайлауға қатысуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ордабасы" футболшылары спортшылар мен жанкүйерлерді сайлауға қатысуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкенттің Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.


"Ордабасы" футболшылары спортшылар мен жанкүйерлерді сайлауға қатысуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкенттің Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Шымкентте Самат Шәмші бастаған "Ордабасы" футбол клубының ойыншылары таңғы сағат 08.00-де Президент сайлауында дауыс беруге Қажымұқан атындағы стадионға келді. Футболшылар Самат Шәмші, Тимурбек Закиров, Қажымұқан Төлепберген, Сағадат Тұрсынбай және Бекхан Шайзада 90 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады.

"Ордабасы" футболшыларының соңғы ойынында шымкенттік жанкүйерлеріміздің қолдауы мен ықыласы бізге рух берді. Клубымыз 70 жылдан астам уақыттан бері Шымкент қаласының намысын қорғап, жанкүйерлермен бірге келе жатыр. Жанкүйерлеріміз өте көп. Барлығын сайлауға қатысуға шақырамыз. Жалпы, футбол - бұқаралық спорт. Сайлау да бұқара болып шешім шығаратын аса маңызды саяси мереке", - деді команда капитаны Самат Шәмші.

Сондай-ақ, спортшылар шеберлік сағатын өткізіп, соңынан жанкүйерлерге өздерінің қолтаңбасы қойылған доптарды сыйға тартты.

Атап өтсек, "Ордабасы" командасы Қазақстан кубогының 2022 жылғы жеңімпазы. Жеңімпаздарды шымкенттіктер ерекше ықылас танытып, қарсы алған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети