21 қаңтар 2021 19:29

Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.


Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Өркен Серікқалиұлы Бисақаев берген өтінішіне сәйкес ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды. Өркен Бисақаев 1977 жылы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін тәмамдаған. Әр жылдары Маңғыстау облысы әкімдігінің құрылымында жұмыс істеген. 2019 жылғы мамырдан қыркүйек айына дейін "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2019 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети