Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 324.98
EUR / KZT - 378.34
CNY / KZT - 48.01
RUB / KZT - 5.53

Орман алқаптарын қорғау күшейтілмек

27 Қаңтар 2014, 14:44
0
Фото Марат Абилов ©
Фото Марат Абилов ©
Бұдан былай елімізде экологиялық талапты бұзып, орманды алқапқа залалын тигізгендерге қойылатын талап күшейтілмек деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған қатысты Үкімет басшысының орынбасары Бақытжан Сағынтаев тиісті орындарға орманды сақтау және қорғау бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

"Заң бұзғандарға қазірде тек айыппұл салумен шектеліп отырмыз. Ендігі уақытта орман алқаптарына заңсыз бір түп ағаш алса, екі түп ағаш отырғызуға заңмен міндеттеу керек" деді Бағытжан Сағынтаев.

Жалпы, 2013 жылы Қазақстан аумағында 67, 4 мың гектар алқапта ағаш отырғызылған. Ал 2014 жылы мұндай жұмыстар жалпы ауданы 54 мың гектардан астам жерде жүргізілмек. "Семей орманы" мен "Ертіс орманы" тәрізді ормандарда жыл сайынғы ұдайы ағаш өсіру жұмыстары 5 мың гектардан астам жерде жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев Астананың жасыл аймақ құру жұмыстары жалғасып жатқандығын атап өтті.
Былтыр қала маңындағы 5 мың гектар алқапта ағаш отырғызылса, 2015 жылға дейін елорда айналысындағы жасыл аймақтың ауданы 75 мың гектарға дейін жеткізілмек.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай