28 наурыз 2014 17:32

Өрмекші адам туралы екінші фильм қазақ тілінде прокатқа шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат" "Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат"

24 сәуірден бастап "Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат" деген атаумен жаңа блокбастер 3D форматында прокатқа шығады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Меломен" компаниясына сілтеме жасай отырып. 


24 сәуірден бастап "Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат" деген атаумен жаңа блокбастер 3D форматында прокатқа шығады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Меломен" компаниясына сілтеме жасай отырып. 

"Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат" фильмі Қазақстанды қосқанда әлемнің жеті тіліне аударылған. Автордың негізі ойын қалтқысыз жеткізу мақсатында фильм ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударылған. Картинаны қазақ тілінде дубляждау жұмыстары өткен жылдың қараша айында студияның келісімін ала салысымен басталған. Одан кейінгі айларда фильмді өндіруші студиямен келісімшар жұмыстары одан ары жалғасыты, дауыс сынақтары өтті. Картинадағы кейіпкерлердің дауысын дыбыстаған актерлердің сынағы Алматыда ақпан айында өтті.  Актерлердің дауысын Қазақстанға арнайы келген Sony Pictures компаниясының дубляж мамандары бекітті.

Фильмдегі бас кейіпкер  Питер Паркердің дауысын театр және кино актеры Мерей Әжібеков, Гвен Стейсиді Әлима Қайырбекова, Максвелл Диллонды Азамат Қанапия дыбыстады. Қазақша дубляждың режиссеры Айгерим Оңалбек. Ол бұған дейін "Возвращение в А", "Жүрегім менің - Астана" және "Қара киімділер-3" картиналарымен жұмыс істеген. 

Блокбастерде Питер Паркер (Эндрю Гарфилд) Өрмекші адамның бетпердесін киіп, әлемді зұлымдардан құтқаруға тырысады.  Ол бос уақытын өзінің сүйіктісі Гвенмен (Эмма Стоун) өткізеді. екеуі мектепті бітіріп, үлкен өмірге аяқ басады. Питер Гвеннің әкесіне қызына қауіп төндірмеу үшін оның өмірінен кетуге сөз берген. Алайда осы сөзінде тұру оған оңайға түспейді. Питердің жолында оған жаңа қарсылас Электро (Джейми Фокс) пайда болады. Сондай-ақ ол ескі танысы Гарри Озборноммен (Дейн ДеХаан) кездесіп, өзінің отбасының өткені туралы біраз мағұлмат алады. 

"Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат" картинасы "Болашак" ассоциациясы,  "Алтын Кыран"  қайырымдылық қоры және MARWIN компанияларының қоллдауымен қазақ тіліне аударылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети