07 мамыр 2022 08:59

Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтарға үндеу жолдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өткізу бойынша қазақстандықтарға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орталық сайлау комиссиясы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өткізу бойынша қазақстандықтарға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті референдумға қатысушы!

Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіздің 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша республикалық референдумға қатысуыңызға құқығыңыз бар.

Сіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдеріне енгізілуіңіз референдумға қатысу конституциялық құқығыңыздың іске асырылу кепілі саналады.

Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тізімдерді Сіздің дауыс беруге арналған нақты учаскенің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар тізімдерге берілген өтініш негізінде енгізіледі.

Дауыс беруге арналған учаскелер тиісті әкімдердің шешімдерімен құрылады, олардың шекаралары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Өз учаскеңізді біліп, тізімге енгізілгеніңізді Сіз жергілікті атқарушы органға хабарласып, тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда, Сіз әкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз.

2022 жылғы 20 мамырдан бастап өз учаскеңізде Сізге республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміндегі өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, Сіз дереу учаскелік референдум комиссиясына жүгіне аласыз.

Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және республикалық референдумға қатысу құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!" - делінген үндеуде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети