09 ақпан 2024 11:13

Орташа жалақы 600 мыңға жуықтайды: ең бай қазақстандықтар қайда тұрады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 2023 жылдың төртінші тоқсанында орташа атаулы жалақы 400 мың теңгеге жуықтады. Ең жоғары жалақы Атырау облысының тұрғындарына тиесілі: орташа табыс 600 мың теңгеге жуықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.


Қазақстанда 2023 жылдың төртінші тоқсанында орташа атаулы жалақы 400 мың теңгеге жуықтады. Ең жоғары жалақы Атырау облысының тұрғындарына тиесілі: орташа табыс 600 мың теңгеге жуықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы IV тоқсанда 393 605 теңге болған.

"2022 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 16,2 пайызға, нақты мәнде – 5,3 пайызға өсті. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2023 жылғы IV тоқсанда бағалау бойынша 259 463 теңге болды. 4-тоқсанда орташа жалақы мөлшерінің өсуі жыл қорытындысы бойынша қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен еңбекақы қорының ұлғаюымен байланысты", - делінген хабарламада.

2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі қаржы және сақтандыру қызметі – 29,7 пайыз, ақпарат және байланыс – 23,2 пайыз, өнер, ойын-сауық және демалыс – 20,8 пайыз, салаларында байқалды. Білім беруде орташа айлық жалақының өсуі 18,6 пайыз, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 18,2 пайыз.

"Өңірлік бөліністе 2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғары өсімі Ұлытау облысында тіркелді – 23,5 пайыз. Ең төменгі өсімі Атырау облысында байқалды – 6,4 пайыз.

Өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғары және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас 2023 жылғы IV тоқсанда 2,1 есе болды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети