29 желтоқсан 2021 09:59

ОСК Бекболат Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бекболат Тілеухан. © egemen.kz Бекболат Тілеухан. © egemen.kz

ОСК Бекболат Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОСК сайтында хабарланды.


ОСК Бекболат Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОСК сайтында хабарланды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Қанайұлы Тілеуханның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Қ. Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін", - делінген ОСК хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети