06 сәуір 2015 10:37

Өскемен тұрғындары электр қуатының көрсеткішін "қолдан" азайтып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YK-news.kz © YK-news.kz

Өскемен тұрғындары электр қуатының көрсеткішін азайту үшін қосымша құрылғылар орнатып жатыр, - деп хабарлайды YK-news.kz "Шығыс Қазақстандық аймақтық энергетикалық компаниясы" акционерлік қоғамына сілтеме жасап.


Өскемен тұрғындары электр қуатының көрсеткішін азайту үшін қосымша құрылғылар орнатып жатыр, - деп хабарлайды YK-news.kz "Шығыс Қазақстандық аймақтық энергетикалық компаниясы" акционерлік қоғамына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, компания тұрғындардың электр қуатын өлшейтін аспаптарға қосымша құрылғыларды орнататынын үнемі байқайтын болған. Тұрғындар сол қосымша құрылғылардың көмегімен электр қуатының көрсеткішін азайтып, ақша үнемдеуге тырысады.

Айта кетейік, жақында республикалық БАҚ-та Павлодар тұрғынының ақша үнемдеу мақсатында өлшегіш аспапты "қайта айналдырмақ" болып, қолға түскені туралы ақпарат жарияланды. Енді ол осы қылығы үшін энергетикалық компанияға 1 миллион теңгеден астам қаржы төлейді.

"Шығысқазақстандықтар "үнемшілдік" жағынан өзге өңірдің тұрғындарынан қалысар емес. Компаниядағылар электр қуатын өлшегіш аспапты тоқтататын құрылғының бірнеше рет табылғанын айтты. Ондай құрылғылар әдетте майдагерлік өндірісте өндіріледі, дегенмен заманауи қолайлылық сырт қалмаған. Мамандардың мәліметінше, кейбір құрылғыларда тіпті қашықтан басқаратын пульт болыпты", - делінген жарияланымда.

Алайда, тәжірибелі бақылаушылар мұндай қулықты бір көргеннен-ақ байқап қояды. Егер көрсеткіш күмәнді болса, мамандар өлшегіш аспаптың көрсеткішін салыстыру үшін жарықтың қуатын өлшейді. Қосымша құрал орнатып, электр қуатының ақысын азайтқысы келгендер анықталған жағдайда акт толтырылып, жаңадан есептеу жүргізіледі. Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын ақшасын үнемдегісі келіп, рұқсат етілмеген құрылғыны орнатқан облыс орталығының тұрғыны 1,2 миллион теңге төлеуге міндеттелген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети