Өскеменде 600-ден астам адам жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде 600-ден астам адам жарақат алды жарақаттанған адам

Өскеменде көктайғақ салдарынан жарақат алғандардың саны күннен күнге артып барады. Бүгінде олардың саны 600-ден асты, деп хабарлады қалалық №2 емханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Қуанышбек Бимағамбетов Tengrinews.kz тілшісіне. "Тек қана қаңтар айынының өзінде біздің бөлімге 423 адам түскен. Оның 296-сы аяқ-қолын сындырып алған тұрғындар. Ал ақпанда 209 тұрғын емханаға ем-дом сұрап келді. Олардың 79-ының аяқ-қолы сынған. Олар бұл жарақатты қала көшелерінде жүріп алған", - дейді Қуанышбек Бимағамбетов. Оның айтуынша, адамдардың көбі аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолында құлап, аяқ-қолын сындырып алады екен. Алайда коммуналдық сала қызметкерлері бұл пікірмен келіспейді. "Тазалық мекемелері өз міндеттерін мүлтіксіз орындап келеді. Көктайғақ болған жерлерге құм себу жұмыстары дер кезінде жүргізіледі. Тұрғындардың арыз-шағымын үнемі ескеріп отырамыз", - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары.
Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +26
Ақтау +24
Ақтөбе +22
Атырау +26
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +19
П
Павлодар +18
Петропавл +19
С
Семей +19
Т
Талдықорған +22
Тараз +28
Түркістан +19
О
Орал +17
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер