17 желтоқсан 2020 16:24

Өскеменде өртенген үйдің тұрғындарына көмектесу үшін қаражат жинау жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде өртеніп кеткен екі қабатты үйдің тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында қаражат жинау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өскеменде өртеніп кеткен екі қабатты үйдің тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында қаражат жинау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, 22 адам зардап шеккен, оның ішінде, 10 бала. Сегіз адам баспанасыз қалған. 

Зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ақшалай көмек жинау басталды. Мұнымен "Қазақ саңыраулар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің облыстық бөлімшесі айналысады. Жиналған қаржы зардап шеккендерге беріледі және оларға қажет заттар сатып алынады. Одан бөлек, зардап шеккендерге "Үлбі" әлеуметтік орталығы көмектесуге дайын. 

Еске салайық, өрт салдарынан үш адам зардап шекті, екі адам қаза тапты. Марқұмдар туралы ақпарат әлі де анықталып жатыр, алайда оның біреуі бала екені белгілі. Болжам бойынша, қасақана жасалған өрт болуы мүмкін. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети