Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Өскеменде тамақтың химиялық күйігін ресми диагноз деп тану ұсынылды 05 қазан 2022, 08:35

Өскеменде тамақтың химиялық күйігін ресми диагноз деп тану ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Өскеменде тамақтың химиялық күйігін ресми диагноз деп тану ұсынылды Өскеменде тамақтың химиялық күйігін ресми диагноз деп тану ұсынылды

Өскеменде тамақтың химиялық күйігін ресми диагноз деп тану ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, бұл бастаманы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұйымы көтерген. Департамент басшысы Денис Шәкенов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын жасау барысында өңірдің басты мәселесі экология екені анықталғанын айтады.

Шәкеновтің айтуынша, зерттеу жұмыстары кәсіпорындардың ескірген жабдықтарды пайдаланатынын, тазалау жүйесінің тиімсіз екенін көрсеткен. Келетін жанармайдың сапасына да шағым көп. Тұрғындардың үнемі көтеріп жүрген басты мәселесі - атмосфераға шығарындыларға тікелей қатысты медициналық диагноздың жоқтығы. 

"Денсаулық сақтау министрлігі тиісті ем тағайындау үшін "тамақтың химиялық күйігі" деген ресми диагноз қоюы керек. Өйткені қазіргі таңда тамағын күйік шалған адамдар ЖРВИ-мен емделіп жатыр", - деді Денис Шәкенов.

Өскемен тұрғындары бұл ауруды емдеу ұзаққа созылмауы үшін дереу дұрыс ем тағайындау маңызды деп санайды, өйткені қалада тамақтың химиялық күйігінен зардап шеккендер көп. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram