02 желтоқсан 2016 | 12:28

Өскеменде театр актерлері баспаналы болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жиырма жас актер ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында жаңа пәтер кілттерін алып, қоныс тойын тойлап жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жиырма жас актер ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында жаңа пәтер кілттерін алып, қоныс тойын тойлап жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының актерлері үшін Өскемен қаласында жаңадан тапсырылған үйден 20 пәтер бөлінді. Пәтер иелерінің көбі жас актерлер. 2015 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған өнер ордасында қазақ және орыс труппаларына қоса Жастар театры құрылған болатын. Бұл театрға жұмыс істеу үшін Астана мен Алматы қалаларындағы оқу орындарын тәмамдаған Қазақстанның әр аймағынан келген кәсіби жас мамандар шақырылған. Актерлердің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасап, баспана береміз деген облыс әкімі Даниал Ахметовтің уәдесі орындалып, 20 отбасы биыл қоныс тойын тойлады.

"Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер университетін тәмамдай салысымен еңбек жолын Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрынан бастадым. Шығыс өңірінде жаңадан құрылғалы жатқан жас театрға жұмысқа келуді ұйғардым. Жақында ғана өзімізге берілген жаңа пәтерлерге кірдік. Облыс әкімі тарапынан жас мамандарға осындай қолдау көрсетілуі бізді ерекше қуантады, ары қарай да қарқыны түрде еңбек етіп, биіктерді бағындыратынымызға сенімім мол", - дейді театр актері Ержан Амантаев.

Айта кетейік, театр ұжымы Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында өткен XIV халықаралық жастар фестиваліне, Астана, Павлодар, Петропавл қалаларына гастрольдік сапарларға шығып үлгерді. Жастар театры өз спектакльдерінде қоғамда болып жатқан түйткілді мәселелерді көрсетіп қана қоймай, түрлі формадағы қойылымдарды да сахналауда.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer