26 сәуір 2023 14:23

Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемендегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өскемендегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Бітібаев көшесінің бойындағы тұрғын үйдегі екінші қабаттағы пәтердің терезесінен қатты түтін шыққанын көрген куәгерлер өрт сөндіру қызметіне хабарлаған.

"Өрт жоғарыдағы қабаттардың балкондарына тез тарады. Бүкіл кіреберісті қою қара түтін басты. Оқиға орнына алты минут ішінде жеткен газ-түтіннен қорғау қызметі жедел түрде тұрғындарды құтқарып, өртті сөндірді. Өрт сөндірушілер жеті адамды құтқарды, оның екеуі мүгедек, екеуі бала", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, құтқарушылар бес тұрғынды түтін басқан кіреберістен шығаруға көмектесті. Өрт болған пәтерде күйік шалған 1952 жылы туған ер адамға Апаттар медицинасы және жедел жәрдем орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ол емдеу мекемесіне жатқызылды.

"Өрт сөндірушілерге 55 шаршы метр аумақтағы өртті толығымен сөндіруге 40 минут кетті. Өрттен бес пәтердің балконы зардап шекті", - деп хабарлады ТЖД.

Өртті сөндіруге барлығы 19 адам мен 6 техника жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети